#kazakhscienceweek#
#kazakhscienceweek# ғылым апталығы аясында 2022 жылдың 8 сәуірінде «М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» Ашық есік күнін өткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетінің студенттері үшін оқу сапарлары ұйымдастырылды. Студенттер Ақуыз және нуклеин қышқылдарының, Құрылымдық және функционалдық геномика, геном, Биотехнология және молекулалық генетика, Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология, Өсімдіктер биоинженериясы және Астық тұқымдастар биохимиясы зертханаларын аралады. Болашақ биологтар ғылыми жабдықтармен таныстырылып, заманауи ғылыми үрдістер мен зертханалардың жетістіктері туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.