Біз әріптесімізді құттықтаймыз

«Өмір және денсаулық ғылымы» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2022 жылғы 8 тамыздағы шешімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруға конкурсына түскен 112 өтінімді қарау қорытындысы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша 74 жоба мақұлданды.

Оның ішінде AP14869357 «Рибосомалық ақуыз S6 гендерін модификациялау арқылы өсімдік өнімділігін арттыру биотехнологиясының ғылыми негіздерін жасау» жобасы, ғылыми жетекшісі – М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының жетекші ғылыми қызметкері, Жигайлов Андрей Викторович.

Біз әріптесімізді құттықтаймыз және жобаның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!

Skip to content