Семинарда «DistryTech» компаниясының сату жөніндегі менеджері Николай Мельников өнеркәсіптің әртүрлі салаларына, биоаналитикалық зертханалар мен медициналық мекемелерге, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларына жетекші әлемдік өндірушілердің (Retsch, Sartorius, ThermoFisher, Boeckeler, Eppendorf, Applied Biosystems және т.б.) зертханалық, биоаналитикалық және өнеркәсіптік жабдықтарын мамандандырылған жеткізуші «DistriTech» компаниясы туралы презентация жасады. Сондай-ақ DistryLab фирмасының I және II типті биологиялық қауіпсіздік шкафтары мен зертханалық жиһаздар туралы ақпарат берілді.