2025 жылдың 25 сәуірінде М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында «DistryTech» компаниясының семинары өткізілді

Семинарда «DistryTech» компаниясының сату жөніндегі менеджері Николай Мельников өнеркәсіптің әртүрлі салаларына, биоаналитикалық зертханалар мен медициналық мекемелерге, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларына жетекші әлемдік өндірушілердің (Retsch, Sartorius, ThermoFisher, Boeckeler, Eppendorf, Applied Biosystems және т.б.) зертханалық, биоаналитикалық және өнеркәсіптік жабдықтарын мамандандырылған жеткізуші «DistriTech» компаниясы туралы презентация жасады. Сондай-ақ DistryLab фирмасының I және II типті биологиялық қауіпсіздік шкафтары мен зертханалық жиһаздар туралы ақпарат берілді.