Зертхана туралы тарихи мәліметтер
Биотехнология және молекулалық генетика зертханасы 2021 жылы құрылған. 2021 жылдан берi зертхана меңгерушісі – Ph.D. докторы Ғалиақпаров Нұрбол Нұрпатұлы.
Ғалиақпаров Нұрбол Нұрпатұлы
Ph.D. докторы (вирусология)
Биотехнология және молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі
Телефон: +7 (727) 293 77 15
e-mail: nurbol.g@mail.ru
Ғалиақпаров Нұрбол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінің түлегі (1989 -1994). Иерусалимдегі Еврей университетінде Ph.D. докторантурасында оқыды (1996-2002). «Жүзім А вирусының этиологиясы және молекулярлық зерттеулері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғаған. 2002 – 2004 жылдар аралығында, Иерусалимдегі Еврей университетінің Медицина факультетінде, Эксперименттік медицина және онкологиялық зерттеулер кафедрасында постдокторантура ғылыми жобаларын аяқтады. Ғалиақпаров Нұрбол 70-тен астам жарияланымның авторы. Ғылымдағы еңбек өтілі – 26 жыл.
Ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары
- In vitroәдісімен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің вируссыз отырғызу материалын өндіру.
- Өсімдік вирустарын диагностикалауға арналған тест-жүйелерін әзірлеу
- Жеміс-жидек дақылдарының вирустық инфекцияларының диагностикасы;
- Алма және жүзім сорттарын генотипирлеу және сәйкестендіру;
- Молекулалық маркерлерді пайдалана отырып, Қазақстандағы жабайы алма популяциясын зерттеу;
- Erwinia amylovora-ға төзімді Malus sieversii генотиптерін анықтау.
Ғылыми жобалар:
2021-2023 жж.