2022 жылдың 21 қыркүйегінде ИМББ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
2022 жылдың 21 қыркүйегінде ИМББ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кездесуде халықаралық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды. Шетелдік мамандандырылған институттармен және университеттермен, оның ішінде 500 ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында әріптестікті жандандыру қажеттігі айтылды. 2022 жылы ИМББ және Canterbury Christ Church университеті, Адам және өмір туралы ғылымдар мектебі (Англия) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жасалуы бойынша ақпарат берілген.
Ғылыми кеңес мүшелері ҒТБ ОР11465447-ОТ-21 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының қоздырғыштарының мониторингі негізінде соңғы өнімнің тұтынушылық сапасына әсер ететін қоздырғыштарды анықтауға арналған сезімталдығы жоғары молекулярлық биологиялық, биохимиялық сынақтарды әзірлеу» бойынша жұмыс барысымен танысты (ғылыми жетекшісі –б. ғ.д., профессор Искаков Б.Қ.).
Ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының ғылыми қызметкері Бейсенов Д., PhD докторантураның қорытындысы бойынша диссертациялық жұмыс «Мысал ретінде қой вирусының L.1 протеинін пайдалана отырып, өсімдік жүйелеріндегі рекомбинантты трансгендердің экспрессиясын реттеу» туралы баяндама жасады.
Ғылыми кеңес отырысында 1 курс PhD докторанты (D082 «Биотехнология» мамандығы) Надирова Л.Т. диссертациялық жұмысының тақырыбы бекітілді. «eS6 рибосомалық ақуызды модификациялау арқылы өсімдіктердің өсуін арттырудың жаңа тәсілін әзірлеу». Бекітілген ғылыми жетекші – б.ғ.к. Станбекова Г.Е., ИМББ ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, және шетелдік кеңесші – доктор Любовь А. Рябова, Өсімдіктердің молекулалық биологиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры, Страсбург, Франция (Recherche Institut de Biologie Moleculaire des Plantes (IBMP), Страсбург, Франция.
Ғылыми кеңес құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының кіші ғылыми қызметкері Арман Абайлдаевты және дәнді дақылдар биохимиясы зертханасының ғылыми қызметкері Әсет Абайлдаевты ҚР ҒК ҒЖБМ 2022 жылғы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау конкурсына ұсынды.