Конференциясы 2023Жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы «Молекулалық биология, биохимия, биотехнология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» – 17 қараша 2023ж., Алматы қаласы.Конференциясы 2023

Жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы «Молекулалық биология, биохимия, биотехнология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» – 17 қараша 2023ж., Алматы қаласы.
Құрметті әріптестер!
М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты 2023 жылы 40-қа толады.
Институт КОКП Орталық Комитетінің, КСРО Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Қазақ КСР Ғылым академиясы Президиумының қаулылары негізінде Қазақстанда биология мен биотехнологияның заманауи бағыттарын дамыту мақсатында 1983 жылы құрылған.
Институттың негізін қалаушы және бірінші директоры көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті – Мұрат Әбенұлы Айтхожин болды. Бүгінде Молекулалық биология және биохимия институты оның есімімен аталады және молекулалық биология, генетика, генетикалық және жасушалық инженерия, биомедицина, биотехнология, иммунология, этно- және палеогеномика салаларында ғылыми зерттеулер жүргізетін жетекші ғылыми орталықтардың бірі болып табылады.
М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған «Молекулалық биология, биохимия, биотехнология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» атты жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға жас ғалымдарды (40 жасқа дейін, қоса алғанда) шақырады. Конференция 2023 жылғы 17 қарашасында Алматы қаласында өткізу жоспарлануда.
Конференцияның мақсаты – молекулалық және жасушалық биология, биохимия, биомедицина, биотехнология, иммунология саласындағы өзекті мәселелер мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талқылау.
КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒЫТТАРЫ:
- Молекулалық биология
- Биохимия
- Иммунология
- Биомедицина
- Биотехнология
- Генетикалық және жасушалық инженерия
НЕГІЗГІ КҮНДЕР:
Тіркеу |
15.10.2023 ж. дейiн |
Тезистер мен баяндамаларды қабылдау |
15.10.2023 ж. дейiн |
Конференция бағдарламасы |
01.11.2023 ж. дейiн |
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ ТІЛДЕРІ
Қазақ, орыс, ағылшын
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ
Офлайн, онлайн
ҚАТЫСУ ТҮРЛЕРІ
Баяндамалар*, постерлік сессия, тезисті жариялау, тыңдаушы.
*Сессиялық және пленарлық баяндамаларды Ұйымдастыру комитеті анықтайды.
СӨЗ СӨЙЛЕУ ҰЗАҚТЫҒЫ:
Пленарлық баяндама: 20 минут.
Сессиялық баяндама: 10 минут.
АҚПАРАТ:
Бағдарлама мен іс-шара туралы ақпарат М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ресми сайтындағы Конференция 2023 бөлімінде жарияланады http://imbb.org.kz/2023/06/07/konferencija-2023/
ӨТКІЗУ ОРНЫ:
Ғылым Ордасы, Шевченко к-сі, 28, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы (өзгерістер болуы мүмкін).
ТІРКЕУ:
Конференция жұмысына қатысу үшін 2023 жылдың 15 қазанына дейін https://b24-w9a85o.bitrix24.site/crm_form_8hcy8/ сілтемесі арқылы тіркелу қажет.
Ұйымдық жарна
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 10000 (он мың) тенге, (оған еңбектер жинағы, конференцияның материалдар пакеті, қатысушы сертификаты, бейдж, кофе-брейк кіреді). Сырттай қатысу тегін, жинақтар жіберілмейді.
ұйымдастыру жарнасын төлеу төмендегi есеп айырысу шотымен жүзеге асырылады:
ҚР ҒЖБМ ҒК «М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК
050012, Алматы қ., Досмұхамедов көшесі, 86 үй
БИН 040 740 001 654
БИК KC JB KZ KX
ИИК KZ37 8560 0000 0001 3198
АО «Банк Центр Кредит»
Кбе 16
ПОСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Постер өлшемі: A0 формат, ені 841 мм x биіктігі 1189 мм. Портреттік бағдар (вертикалды). Постердің жоғарғы бөлігі тақырыпқа және барлық авторларды және олардың жұмыс орнын көрсетуге арналған. Мәтін, иллюстрациялар, графика, диаграммалар Helvetica немесе Times NewRoman шрифті арқылы басып шығарылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мүмкіндігінше ықшам болуы керек және дереккөздерді сілтеме жасау ретімен қамтуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер мәтінде төртбұрышты жақшада тізімдегі дереккөздің реттік нөмірін көрсете отырып көрсетілуі керек. Иллюстрациялардың атауы және нөмірленуі керек: Сурет 1, Фото 1. т.б. Әрбір суретте жақшадағы мәтінде сәйкес сілтеме болуы керек: (Cурет 1).
ТЕЗИСТІ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Тезистер Word форматында жіберілуі тиіс (.doc немесе .docx); интервал – бір; гарнитура – Times New Roman, кегль 12. Бетті барлық жағынан белгілеу – 2 см. Жұмыстың атауын жартылай қалың шрифтпен белгілеп, авторлардың тізімін және авторлар туралы мәліметтерді (жұмыс орны, мекен-жайы, e-mail) жазу керек. Негізгі автордың аты-жөнінің асты сызылуы қажет.
Мәтін өлшемі бос орынсыз 2500 таңбадан аспауы тиіс. Мәтінді ені бойынша туралап, абзацтарын азат жолдан жазу керек (шегініс 1 см).
Тезисте кіріспе, әдістер, нәтижелер, жұмыс қорытындылары қысқа баяндалуға тиіс.
Тезисті конференцияның үш ресми тілдерінің бірінде ғана ұсынасыз және онда суреттер, кестелер, әдебиеттер тізімі болмауы қажет.
Электрондық пошта арқылы жібергенде, файлдың атауын төменде келтірілген формаға сәйкестендіруіңізді сұраймыз: Abstract_Eldar_Akhmetov, оның ішінде, бірінші автордың аты-жөні латын әріптерімен жазылуы тиіс.
Тезистер авторлардың өз редакциясында еш қосымша түзетулерсіз жарияланады. Авторлар өз тезистерінің мазмұнына жауапты.
Конференцияның Ұйымдастыру комитеті сапасы төмен және нашар редакциядағы тезистерді бағдарламаға және конференция материалдарының жинағына енгізуден бас тартуға құқылы.
Қабылданған материалдар қайтарылмайды.
Тезисті, қатысуға өтінімді және ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы құжаттың көшірмесін info@imbb.org.kz электрондық мекен-жайға жіберу керек, КОНФЕРЕНЦИЯ деген хат тақырыбын және бағыт нөмірін көрсету қажет (мысалы,»КОНФЕРЕНЦИЯ 5″ – «Синтетикалық биология» бағытындағы тезисті білдіреді).
Тезисті рәсімдеу үлгісі:
ТЕЗИСТІҢ АТАУЫ [1 бос жол]Е. М. Ахметов1, А. П. Петров [1 бос жол]1- ҚР ҒЖБМ ҒК М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты, Қазақстан республикасы, 050012, Алматы қ., Досмұхамедов көш., 86 e-mail: akhmetov@mail.ru [1 бос жол]Түйін сөздер: (5-тен көп емес):
Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні Тезис мәтіні |
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Электронды адрес |
info@imbb.org.kz – хат алмасу және тезистерді тапсыру үшін |
Конференция сайты |
|
Байланыс телефондары |
+7 727 293-70-56 (ғылым хатшысы), +7 727 292-18-52 (қабылдау бөлмесі), +7 777 2634011 (жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін) |
Құрметпен, конференцияның ұйымдастыру комитеті!
* Осы хатты әріптестеріңізге таратсаңыз, Ұйымдастыру комитеті алғысын білдіреді!