М.ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты (ИМББ) мен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) арасындағы келісім
М.ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты (ИМББ) мен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) арасындағы келісім аясында биомедицина мамандығының магистранттары МББИ құрылымдық және функционалдық геномика зертханасында кіріспе тәжірибеден өтті. Тәжірибенің бұл түрі болашақ жас мамандардың биомедицина саласындағы кәсіби бағдарлануына ықпал етеді.
Магистранттар зертхана жұмысының ғылыми бағыттарымен, ғалымдар жұмыс істеп жатқан жобалармен, қолданылатын құрал-жабдықтармен, мәліметтерді жинау, нәтижелерді өңдеу және ақпаратты талдау әдістерімен танысты. Сонымен қатар, студенттердiң өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндіктерi болды.
ҚазҰМУ мен МББИ ынтымақтастығы инновациялық шешімдер мен емдеудің озық әдістерін іздеуге және жасауға ықпал ете отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе білім мен ғылым арасындағы байланысты нығайтады, болашақта бірлескен зерттеулер мен олардың нәтижелерін медициналық тәжірибеге енгізу перспективаларын қамтамасыз етеді.