ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ. Қ.И. СӘТБАЕВ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ.

Ғылым қызметкерлері күнін және Қ.И. Сәтбаев туғанына 125 жыл толуын мерекелеу аясында М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында 2024 жылдың 12 сәуірінде ғылым ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Ғылым ардагерлерін құттықтауға Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы басқарма төрағасының орынбасары С.Б. Азамбаев Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын жеткізді.

Құттықтауда бүгінгі таңда қазақстандық ғылымның оң өсім көрсетіп отырғаны атап өтілді. Мемлекет оны одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасауда, атап айтқанда, ғылымды қаржыландыру көлемі ұлғаюда, ғылыми инфрақұрылым жаңартылуда, материалдық-техникалық база жақсаруда, сондай-ақ еліміздің экономикасына ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мен енгізуге көп көңіл бөлінеді. Жас ғалымдарға ерекше қолдау көрсетілуде, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға қаржы бөлінуде.

Ардагерлерге құрмет көрсету М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты ұжымының құттықтауымен жалғасты. Бас директордың орынбасары Г.А. Исмағұлова ардагерлерге орасан зор еңбектері және Қазақстанның биология ғылымының дамуына, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының қалыптасуына қосқан үлесі үшін, сондай-ақ ғалымдардың жас ұрпағына тәжірибесі мен білімін жеткізгені үшін алғыс білдірді.

Ардагерлерге гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етіліп, денсаулық, бақ-береке, ұзақ өмір тілегі айтылды!

Show More
Close
Skip to content