Биотехнология және молекулалық генетика зертханасы

Зертхана туралы тарихи мәліметтер

Биотехнология және молекулалық генетика зертханасы 2021 жылы құрылған. 2021 жылдан берi зертхана меңгерушісі – Ph.D. докторы Ғалиақпаров Нұрбол Нұрпатұлы.


Ғалиақпаров Нұрбол Нұрпатұлы

Ph.D. докторы (вирусология)

Биотехнология және молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі

Телефон: +7 (727) 293 77 15

e-mail: nurbol.g@mail.ru

Ғалиақпаров Нұрбол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінің түлегі (1989 -1994). Иерусалимдегі Еврей университетінде Ph.D. докторантурасында оқыды (1996-2002). «Жүзім А вирусының этиологиясы және молекулярлық зерттеулері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғаған. 2002 – 2004 жылдар аралығында, Иерусалимдегі Еврей университетінің Медицина факультетінде, Эксперименттік медицина және онкологиялық зерттеулер кафедрасында постдокторантура ғылыми жобаларын аяқтады. Ғалиақпаров Нұрбол 70-тен астам жарияланымның авторы. Ғылымдағы еңбек өтілі – 26 жыл.


Ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары

  1. In vitroәдісімен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің вируссыз отырғызу материалын өндіру.
  2. Өсімдік вирустарын диагностикалауға арналған тест-жүйелерін әзірлеу
  3. Жеміс-жидек дақылдарының вирустық инфекцияларының диагностикасы;
  4. Алма және жүзім сорттарын генотипирлеу және сәйкестендіру;
  5. Молекулалық маркерлерді пайдалана отырып, Қазақстандағы жабайы алма популяциясын зерттеу;
  6. Erwinia amylovora-ға төзімді Malus sieversii генотиптерін анықтау.

Ғылыми жобалар:

2021-2023 жж.

Грант АР09259392 «Ervinia amylovora-ға төзімді Malus sieversi генотиптері», ғылыми жетекшісі – Ph.D. докторы Ғалиақпаров Н.Н.

Skip to content