Биотехнология және молекулалық генетика зертханасы

Зертхана меңгерушісі: Ерболова Лаура Серікқанқызы 2021 жылдан бастап зертхана меңгерушісі болып жұмыс істейді. 2003 жылдан 2007 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бакалавриатта оқып, үздік нұсқада биология бакалавры дипломын алды. 2007 жылдан 2009 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де магистратурада оқып, биотехнология магистрі дипломын алды. 2010-2013 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде PhD докторантурада жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандығы бойынша оқыды. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан жағдайында жүзімнің вируссыз отырғызу материалының бейімделуі». Жұмыс тәжірибесі 11 жыл, 20 – дан астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде рецензияланған басылымдарда 2 мақала, ORCID ID – 0000-0002-4364-8080, ID Scopus-55764325100.

 Зертхана құрамы:

  1. Ерболова Лаура Сериккановна, зертхана меңгерушісі, PhD;
  2. Галиакпаров Нурбол Нурпатович, аға ғылыми қызметкер, PhD;
  3. Аубакирова Карлыгаш Пазилхаковна, аға ғылыми қызметкер, PhD;
  4. Байжуманова Сауле Саяткановна, кіші ғылыми қызметкер, магистр;
  5. Рахатқызы Ақбота, зертханашы, магистр;
  6. Жасузаков Изет, зертханашы, докторант.

Зертхананың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

  1. In vitro әдісімен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің вируссыз отырғызу материалын өндіру.
  2. Өсімдік вирустарын диагностикалауға арналған тест-жүйелерін әзірлеу;
  3. Жеміс-жидек дақылдарының вирустық инфекцияларының диагностикасы;
  4. Алма және жүзім сорттарын генотипирлеу және сәйкестендіру;
  5. Молекулалық маркерлерді пайдалана отырып, Қазақстандағы жабайы алма популяциясын зерттеу;
  6. Erwinia amylovora-ға төзімді Malus sieversii генотиптерін анықтау.

Ағымдағы жобалар:

  1. СТН АР09259392 «Erwinia amylovora-ға төзімді Malus sieversii генотиптері».
Show More
Close