Жалпы ақпарат

«М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК (ИМББ) Қазақстандағы молекулалық биология, молекулалық генетика, молекулалық медицина және биоинженерия бойынша жетекші ғылыми-зерттеу және консультативтік орталықтардың бірі болып табылады.

М.А. Айтхожин атындағы ИМББ қызметінің мақсаттары

Жарғыға сәйкес Институт қызметінің негізгі мәні ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. М.А. Айтхожин атындағы ИМББ қызметінің мақсаты адамның, жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жалпы және молекулалық генетикасы мен жасушалық биологиясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, қазіргі заманғы генетика мен жасушалық биологияның жаңа бағыттарын дамыту, медицина, экология және ауыл шаруашылығы үшін жаңа тиімді әзірлемелерді енгізу, генетикалық мониторингті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар әлемдік ғылымның жетістіктерін мониторингтеу және зерделеу, Қазақстан Республикасында диагностикумдар мен тест – жүйелерді әзірлеу болып табылады.

М.А. Айтхожин атындағы ИМББ құрылым

 

Институтты Бас директор басқарады. Институт құрылымында әкімшілік-басқару бөлімшесі (кадрлар бөлімі, бухгалтерия, ғылыми хатшы, жүйелік администратор, хатшы), әкімшілік-шаруашылық бөлім және 7 зертхана бар:

1.        Ақуыз және нуклеиндік қышқылдар зертханасы
2.      Құрылымдық және функционалдық геномика зертханасы
3.      Геном зертханасы
4.      Биотехнология және молекулалық генетика зертханасы
5.      Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасы
6.      Өсімдіктер биоинженериясы зертханасы
7.     Астық тұқымдастар биохимиясы зертханасы

Зертханалар жоғары деңгейде молекулалық-биология, генетикалық, иммунологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізуге арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, Институтта жергілікті биоэтикалық комиссиясы, Ғылыми Кеңес, Директорат және Жас ғалымдар кеңесі тұрақты түрде өткізіледі.

Ғылыми әлеует

Институттың ғылыми әлеуетін молекулалық және жасушалық биология, биотехнология, гендік инженерия, иммунобиотехнология, онкоиммунология, этно – және дербестендірілген геномика саласындағы жоғары білікті мамандар құрайды. Институттың ғылыми қызметкерлерінің жоғары теориялық және әдістемелік дайындығы бар. Ғылыми әзірлемелердің әлемдік деңгейін қамтамасыз ету үшін жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда, оның ішінде Швейцария, Ұлыбритания, Израиль, Германия, Франция, Венгрия, АҚШ, Чехия, Канада сияқты елдерде кадрларды тағылымдамадан өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Институт миссиясы

Қазақстанда синтетикалық биология, геномика және дербестендірілген медицина бойынша инновациялық зерттеулерді бастамашылық ету, дамыту және қалыптастыру, олардың негізінде бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық ғылыми өнім құру, оны коммерцияландыру, осы миссияны табысты орындау үшін жоғары білікті кадрларды даярлау.

Институт көрінісі

  1. Қазақстанда молекулалық және жасушалық биологияның, генетика, гендік инженерия, биохимия, иммунобиотехнология және дербестендірілген медицинаның инновациялық бағыттары бойынша жүзеге асырушы, жетекші Институт.
  2. Өндіріске, қызметтерге және оларды коммерцияландыруға іргелі зерттеулер нәтижелері бойынша технологиялар трансфертін жүзеге асыру.
  3. Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі ақтайтын, серпінді дамып келе жатқан институт, ғылыми өнімі жоғары (омикс) технологиялар мен құзыреттерге (тиісті білімі мен дағдысына ие адами ресурстар) негізделген.

Институттың стратегиясы

  • Институттың стратегиялық мақсаты жоғары технологиялар мен құзыреттерге негізделген ғылыми өнімдерді, білім мен дағдыларды іске асыру (коммерцияландыру) арқылы бәсекеге қабілетті, өзін-өзі ақтайтын, серпінді дамып келе жатқан институтты дамыту және қалыптастыру, сондай-ақ ұжымның ұзақ мерзімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін біздің басымдықтар;
  • менеджменттің базалық тәсілдерін енгізу негізінде қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкес институтты басқаруды жаңғырту модернизациялау;
  • әлемдік стандарттар деңгейінде жаңа зерттеу құзыреттілігі мен ақпараттық технологияларға ие жоғары кәсіби ғылыми қызметкерлерді қалыптастыру;
  • гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулерді жүзеге асыру;
  • дайын ғылыми өнімді коммерцияландыру;
  • ұлттықтан жоғары жобаларға белсенді қатысу арқылы шетелдік инвестицияларды тарту және халықаралық ғылыми-зерттеу гранттарын алу, алыс шетелдердің ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық орнату;
  • ҚР БҒМ, ҚР ДСМ және басқа да салалық министрліктер желісі бойынша гранттық қаржыландыруға белсенді қатысу және алу;
  • Қазақстан Республикасы БҒМ, ДСМ және АШМ ғылыми орталықтарымен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтасу;
  • мемлекеттік-жеке бірлесіп қаржыландыру негізінде қаржыландыру көзін іздеу үшін инклюзивтік инновациялар бойынша консорциумдарға бастамашылық жасау, құру және енгізу/имплементациялау;
  • зертханалар қызметкерлерінің шет елдердегі ғылыми орталықтарда біліктілігін арттыру (бірлескен зерттеулер, тағылымдамалар, озық әдістерге оқыту);
  • институттың ғылыми бағыттары саласына жататын мамандықтар бойынша елдің жетекші университеттерімен коммерциялық келісім – шарттарды әзірлеу және іске асыру, осы негізде білім беру орталығын құру және магистранттар мен PhD-докторанттар үшін «молекулалық биология», «биомедицина» және «биотехнология» мамандықтары бойынша дуалды білім беруді дамыту;
  • ғылыми-метриялық көрсеткіштер және Хирш индексі негізінде Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасында Институт қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдарының рейтингісін арттыру.
Skip to content