М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының ғылыми кеңесінің отырысы туралы ақпарат

15 сәуір айында М.Ә. Айтхожин атындағы МББИ ғылыми

кеңесінің отырысы on-line режимінде өтті. Отырыс жұмысына ғылыми хатшы, кадр бөлімінің инспекторы, зертхана меңгерушілері, жобалардың ғылыми жетекшілері, жетекші мамандар, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы қатысты.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

  1. Гранттық жобалардың ағымдағы жағдайы туралы;
  2. Гранттық жобаларды зерттеу нәтижелері бойынша мақалалар дайындау туралы;
  3. «Стоп коронавирус» Ғылым қорының конкурсына қызметкерлердің қатысуы туралы;
  4. Әртүрлі.

ТЫҢДАЛДЫ:

  1. Жобалардың ғылыми жетекшілері күнтізбелік жоспар тапсырмаларының орындалу барысына зертханалық бөлмелерге қолжетімділігі шектеулі режимнің әсері туралы хабардар етті. Зертханаға рұқсатнаманың шектелуіне байланысты, жобаларды орындаудың 2 жылы ішінде алынған барлық эксперименталды материалдарды жоғалту жағдайы туындауы мүмкін. 2020 жыл аяқтаушы болып табылады, сондықтан қала ішінде жүруге рұқсат беру және рұқсаттама беру арқылы адамдардың санын арттыру туралы мәселе тұр.
  2. Ғылыми жетекшілер 2018-2020 жж. гранттық жобалар бойынша мақалаларды тапсыру және дайындау туралы ақпарат берді.
  3. Ғылым қоры «стоп коронавирус» жобалар конкурсын жариялады, оларды қорғау on-line режимінде өтеді. Байқауға М.Ә. Айтхожин атындағы МББИ-нан 2 жоба ұсынылды:
  4. Низкородова А.С. Жоба: 060-2020-СК «Вирусты зақымданудың өкпелік белгілері бар зарарланған адамдарда COVID-19 вирусының экспрессиясын басуға бағытталған қос бүйректі РНК препараттарын әзірлеу және алу».

Командасы: Низкородова Анна Сергеевна, Карпова Оксана Вячеславовна, Крылдаков Руслан Владимирович, Александрова Алена, Ерискина Елена.

Жобаның мәні: Зақымдалған өкпе жасушаларының ішінде вирус тікелей әсер ететін қос бүйректi РНК негізінде тәжірибелік препаратты әзірлеу;

  1. Станбекова Г.Э. Жоба: 030-2020-СК «Короновирустық инфекциядан жеуге болатын вакцинаны әзірлеу үшін, SARS-CoV-2 вирусының N-ақуызын өндіретін Saccharomyces cerevisiae ашытқысының рекомбинантты штаммын жасау».

Командасы: Станбекова Гульшан Эсенбековна, Жигайлов Андрей Викторович, Искаков Болат Құдайбергенұлы, Полимбетова Нейля Сейтжановна, Надирова Лейла Тимуровна.

Жобаның мәні: SARS-CoV-2 вирусты жұқтыру кезінде өлім деңгейін және симптомдардың ауырлығын төмендету мақсатында ағзаның жасанды белсенді иммунитетін жасау үшін ашытқы штаммының негізінде қымбат емес құралын әзірлеу.

М.Ә. Айтхожин атындағы МББИ-мен коллоборациядағы бар жобалар:

  1. Дмитровский Андрей Михайлович – АФ ҰБО (ОРЗ).

Жоба: 074-2020-СК «СОVID-19 емдеу құралы ретінде SARS-CoV-2 коронавирусына иммуноглобулиннің тиімділігін тестілеу».

Командасы: Дмитровский Андрей Михайлович, Остапчук Екатерина Олеговна, Перфильева Юлия Викторовна, Низкородова Анна Сергеевна, Куатбекова Салтанат Алимбекқызы.

Жобаның мәні: SARS-CoV-2 тудырған симптомдардың ауырлығын жеңілдету үшін, терапевтік құрал ретінде кейіннен пайдалану үшін, COVID-19 ауырып жазылған адамнан бөлінген иммуноглобулиндердің тиімділігін тексеру схемасын әзірлеу.

  1. Мамадалиев Сейдигапбар Мамадалиевич – АФ ҰБО (ОРЗ).

Жоба: 079-2020-СК «Қазақстанда 2020 жылы  аурудың өршуі кезінде айналмалы әртүрлі SARS-CoV-2 генотиптерін молекулалық-генетикалық талдау және кДНК-гендер коллекциясын құру».

Команда: Мамадалиев Сейдигапбар Мамадалиевич, Жигайлов Андрей Викторович, Табынов Қайрат Қазыбайұлы, Неупокоева Алена Сергеевна, Бисенбай Ақерке Оңғарбайқызы.

Жобаның мәні: Вирустың қандай да бір генотиптерінің таралуы туралы ақпаратты қалыптастыру. Қазақстанда жаңа вирустың таралуын жан-жақты талдау үшін кДНК-тестілер коллекцияларын құру.

  1. Скиба Юрий Александрович – АФ ҰБО (ОРЗ).

Жоба: 088-2020-СК «Биологиялық микрочиптерде гибридизация әдісі негізінде, COVID-19 қоса алғанда, респираторлық инфекциялардың дифференциалды диагностикасы үшін маркерлер панелін әзірлеу».

Команда: Скиба Юрий Александрович, Исмагулова Гульнара Акимжановна, Мальцева Элина Романовна, Бердыгулова Жанна Амировна, Найзабаева Динара Адамжанқызы.

Жобаның мәні: Респираторлық инфекциялар симптомдарын тудыруға қабілетті әлеуетті қоздырғыштардың барлық спектрін қамтуға мүмкіндік беретін, биологиялық микрочиптерде нуклеин қышқылдарын гибридизациялау әдісі негізінде SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түрін қоса алғанда, респираторлық инфекцияны тудыратын, вирустық агенттердің болуына скрининг тәсілін әзірлеу.

ШЕШТІ:

  1. Гранттық жобалардың күнтізбелік жоспарлар тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат назарға алынсын;
  2. Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР БҒМ ҒК алдында қала бойынша қозғалуға рұқсат беретін тұлғалардың тізімін кеңейту туралы қажеттігіне байланысты өтініш жасау. Зертханалар меңгерушісі мен жобалардың ғылыми жетекшілері ұсынған қызметкерлер тізіміне қосылсын және оларға қатаң түрде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін зертханаларда жұмыс істеуге рұқсат етілсін;
  3. Жарияланымдардың жағдайы туралы ақпаратты назарға алу;
  4. Институттың барлық қызметкерлерін «Стоп коронавирус» байқауы туралы хабардар ету және байқаудың үздік жобаларын таңдау бойынша дауыс беруге белсенді қатысу 15-17 сәуір.

Толықтыру.

Сарапшылардың дауыс беру нәтижелері бойынша:

  • 079-2020-СК жобасы «Қазақстанда 2020 жылы аурудың өршуі кезінде айналмалы әртүрлі SARS-CoV-2 генотиптерін молекулалық-генетикалық талдау және кДНК-гендер коллекциясын құру» (ғылыми жетекшісi: С.М. Мамадалиев) бірінші орынға ие болды;
  • 088-2020-СК жобасы «Биологиялық микрочиптерде гибридизация әдісі негізінде, COVID-19 қоса алғанда, респираторлық инфекциялардың дифференциалды диагностикасы үшін маркерлер панелін әзірлеу» жобасы (ғылыми жетекшісі: Ю.А. Скиба ) алтыншы орынға ие болды.
Show More
Close