Ұлы Отан соғысының Ардагері, профессор Зұлхарнай Сейітұлының 100 жылдық мерей тойы

Күн, жылдар және Ғасыр каhарманы !
Ғылым ордасында Еліміздің Қорғаныс министірлігі және биология, биохимия және медицина салаларының ғалымдары мен профессор-оқытушыларының қатысуымен әлемге танымал ғалым, биохимия саласының Платина тарланы, Ұлы Отан соғысының Ардагері, профессор Зұлхарнай Сейітұлының 100 жылдық мерей тойы Қазақ-Ресей медицина университетенің ұйымдастыруымен салтанатты түрде өткізілді!
 
 
Мерейтойға Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің құтықтау хаты да келіп тусті!
Тектінің ұрпағы, асылдың тұяғы Дарабоз-Зұлхарнай ағамыздың (атамыздың) өнегелі өмірі, Ұлы Отан соғысындағы ерліктері, ғылымдағы өшпес еңбектері мен қағидаттары, қәзіргі таңдағы ағарту саласындағы жазбалары, 100 жасында заманау талабына сәйкес ағылшын тіліндегі Кітап-оқулығы Ол Кісінің – Ұлы тұлға, Ғасыр Каhарманы деп санауға лайық деп ойлаймын!
Қәзіргі алмағайып заманда құндылықтардың құлдырауы немесе қайта қаралуында, іргелі және дәстурлі құндылықтарымыз бен құзыреттіліктерімізді жаңартуда, өмір көрсетіп отырған сын- қатерлер мер сындарлы тегеуріндерге мықты тойтарыс беретін, ұрпақтар сабақтастығына тікілей ықпал ететін бірден-бір адами басымдылықтарымыздың бірі – ол Зұлхарнай Сейітұлының 100 жылдық сындарлы өмірі, әлі күнге дейінгі ғылымға деген құштарлығы – өнеге болады!
Show More
Close
Skip to content