СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН микроРНҚ НЕГІЗІНДЕГІ ЖАҢА МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОМАРКЕРЛЕР.

Онкологиялық аурулармен күресудің ең тиімді шарасы – бұл ауруды емдеу оңай болған кезде, қатерлі тіндердің қайта туындауын ерте анықтау. Қауіпті жастағы әйелдер үшін маммографиялық скринингті енгізу, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау пайызын едәуір арттыруға және сәйкесінше, пациенттердің өлімін азайтуға мүмкіндік берді. Тәжірибе көрсеткендей, маммография 40 жастан 50 жасқа дейінгі әйелдерде жалған оң нәтижелердің айтарлықтай санына ие (60%-ға дейін). Бұл жағдай сүт безі қатерлі ісігінің ерте диагностикалаудың жаңа әдістерін іздеуді және дамытуды өзекті етеді. Қазақстандық әйелдердің Еуропадан келген әйелдерге қарағанда жас кезінде сүт безі қатерлі ісігімен ауыратыны да маңызды мәселе.

МикроРНҚ – бұл адам ағзасындағы көптеген гендердің жұмысын реттейтін нуклеотидтердің қысқа тізбегі. Ауруларда микроРНҚ қалыпты мөлшерінің нақты өзгерістері әртүрлі биологиялық тіндерде – қанда, зәрде және т.б. болады.

ҚР БҒМ ҒК М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының құрылымдық және функционалдық геномика зертханасында академик Н.А. Айтхожинаның жетекшілігімен ғылыми қызметкер Е.Е. Аширбековтың тобы сүт безі қатерлі ісігінің ерте диагностикалаудың биомаркері ретінде микроРНҚ қолдану мүмкіндігін зерттеді. Жұмыстың бірегейлігі – алғаш рет қазақ әйелдеріндегі микроРНҚ профильдерінің ерекшеліктері зерттеліп, екі маркер табылды, олардың көмегімен дәрігерлер болашақта жоғары дәрежеде сенімділікпен қазақ әйелдерінде сүт безі қатерлі ісігі жағдайларын ерте сатысында анықтай алады.

Медициналық практикаға микроРНҚ негізінде жаңа биомаркерлерді енгізу – қазіргі уақытта белсенді дамып келе жатқан дербестендірілген медицинаның перспективалы бағыты болып көрінеді. Мұндай ғылыми бағыттар мемлекеттік деңгейде ұзақ мерзімді қолдауды талап етеді және болашақта жаңа серпінді технологияларды алудың іргетасы болып табылады.

Show More
Close