Ғылым мен білімнің интеграциясы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР БҒМ БҒМ бағынысты ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Бас келісім аясында, сонымен бiрге М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы 2022 жылдың 30 мамыры мен 18 маусымы аралығында студенттерге үздіксіз кәсіптік практика өткізу туралы келісімнің шеңберінде, биология факультетінің 3 курс студенттері ИМББ зертханаларында өндірістік тәжірибеден өтуде.

Show More
Close
Skip to content