ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер,

Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша көптеген ғылыми топтардың әзірлемелеріне негізделген ғарыш, медицина, био- және ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және т.б. жоғары технологиялық салаларда адамзат қол жеткізген керемет жетістіктердің куәсі болып отырмыз. Дегенмен, шешімін таппаған мәселелердің саны азаймай отыр, ғылыми жаңалықтардың ауқымы әлі де орасан зор.

Ғылым әрқашан табысты дамудың негізі және кез келген мемлекеттің гүлденуінің маңызды құрамдас бөлігі болған және болып қала береді.

Біздің елімізде соңғы жылдары бұл салаға үлкен көңіл бөлінуде – ғылыми ұйымдардың тиімді жұмыс істеуі, басым ғылыми салаларда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және арнайы жас ғалымдарға қолдау көрсетіледі.

Бүгінгі таңда ғылыми ұйымдарды материалдық-техникалық жағынан қайта жарақтандыру мен одан әрі жаңғыртуға, әртүрлі ғылыми пәндердің тоғысқан жерінде жаңа ғылыми бағыттарды қалыптастыруға, дарынды жастарды ғылымға тартуға тамаша перспективалар ашылуда.

Өз кезегінде М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты молекулалық биология және биохимия, иммунология және иммунобиотехнология, биомедицина, гендік және жасушалық инженерия салаларында ғылыми жобалар мен бағдарламаларды табысты жүзеге асыру арқылы Қазақстан мен әлемдік ғылымның дамуына үлес қосуда.

Осынау мерекелі күні өмірін ғылым саласымен байланыстырған барша ғалымдар мен мамандарға қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, алдына жаңа ауқымды міндеттер қойып, оны табысты шешуге тілектеспін! Сізге үлкен жаңалықтар мен жетістіктер, жарқын шығармашылық табыстар тілеймін!

 

Ізгі тілектермен,

М.А. Айтхожин MББИ бас директоры,

профессор К.О. Шәріпов

 

Show More
Close
Skip to content