М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2024 жылдың 11 сәуірінде М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Өзінің кіріспе сөзінде институттың бас директоры, профессор Қ.О. Шарипов Ғылыми кеңес мүшелерін Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, биыл Қазақстанның ғылыми қауымдастығы Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығын тойлап жатқанын атап өтті. Осы орайда ол Қ. Сәтбаевтың өмірбаянынан кейбір деректер келтіріп, оның қазақ ғылымының ғана емес, ел экономикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап, Қ.И. Сәтбаевтың келесі сөздерді келтірді «…Өндіріспен органикалық байланысқан, өндіріске көмектесіп, оны жоғары технологиялық деңгейге бағыттайтын, сонымен қатар өндірістен қуат алып, бағыт-бағдар алатын ғылым ғана нағыз озық ғылым».

Ғылыми кеңес отырысында 1 курс докторанттары тыңдалды, олар өздерінің диссертацияларының тақырыптары, өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, жұмыс жоспарлары, сондай-ақ алдын ала нәтижелері туралы ақпарат берді.

Институт бас директорының орынбасары Г.А. Исмағұлова Ғылым қызметкерлері күніне және Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай институт ардагерлеріне құрмет көрсетуге дайындық туралы баяндады.

Show More
Close
Skip to content