М.Ә. АЙТХОЖИН АТЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ

2024 жылдың 19 сәуірінде М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты Ғылыми кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді.

Ғылыми кеңес отырысында Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградалары табыс етілді:

– «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі – ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент А.В. Жигайловқа.

– «Құрмет грамотасы» – құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының меңгерушісі Е.Е. Әшірбековке, биотехнология және молекулалық генетика зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Н.Н.Ғалиакпаровқа, ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к. О.В. Карповаға, ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Р.В. Крылдаковқа.

– «Алғыс хат» – ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD А.М. Александроваға, биотехнология және молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, PhD К.П. Әубакироваға, өсімдіктер биоинженериясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Б.К. Тезекбаеваға, құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының ғылыми қызметкері, Б. Әлжанұлына, геном зертханасының ғылыми қызметкері Г.А. Искаковаға.

Сондай-ақ жиында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлауға конкурс жариялау туралы ақпарат берілді.

Show More
Close
Skip to content