Әріптесімізді диссертация қорғауымен құттықтаймыз!
2024 жылдың 25 сәуірі Аяз Белқожаев, М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының құрылымдық және функционалды геномика зертханасының ғылыми қызметкері «6D060700-Биология» мамандығы бойынша «Нуклеотидті қайталанатын гендердің мРНҚ-мен микроРНҚ-ның әрекеттесуі» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады.
Жұмыс М.Ә. Айтхожин атындағы МББИ-ның құрылымдық және функционалдық геномика зертханасында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасында және Discovery Park жанындағы өмір туралы ғылымдар зертханасында (Сануидж, Ұлыбритания) жүргізілді.
Әріптесіміз Аяз Белқожаевты диссертация қорғауымен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!