М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы

2023 жылдың 30 қарашасында М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Ғылыми кеңес отырысында Молекулалық иммунология және иммунобиотехнологиялар зертханасының меңгерушісіне Абдолла Нұршатқа және құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының ғылыми қызметкеріне Белқожаев Аязға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан ҚР ғылым саласын дамытуға елеулi үлес қосқан үшiн «Алғыс хаттар» табыс етілді.

Ғылыми кеңес мүшелері PhD докторанттары Надирова Лейла мен Хасейн Алтынның ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру туралы екі баяндаманы тыңдады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, әрі қарай ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ Ғылыми кеңес отырысында М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының 40 жылдығына арналған 2023 жылдың 17 қарашасында өткен жас ғалымдардың халықаралық конференциясының қорытындысы шығарылдыКонференция гибридті форматта – оффлайн және онлайн режимінде өтті және Қазақстан, Англия, Франция, АҚШ, Ресей, Әзірбайжан және Беларусь елдерінен 100-ге жуық ғалымдардың басын қосты. Конференцияға қатысушылардың назарын әлемге әйгілі ғалымдар: Орегон денсаулық және ғылым университетінің Жасуша және гендік терапия орталығының профессоры Шухрат Миталиповтың «Тері жасушаларын жұмыртқа мен сперматозоидқа тікелей қайта бағдарламалау», сонымен қатар эволюциялық ғалым, даму биологиясы саласындағы маман, Лондон Императорлық колледжінің ғылыми тобының жетекшісі, Ұлттық жаратылыстану тарихы мұражайының қызметкері – Архат Әбжанов: «Сіздің жүзіңізде: морфология, эволюция және дамуды зерттеу бас сүйектің» тақырыбындағы баяндамалары аударды.

Ғылыми кеңес мүшелері мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, конференцияның халықаралық байланыстарды нығайтуға, молекулалық биология, биохимия, биомедицина және генетика саласындағы тәжірибе мен білім алмасуға ықпал еткенін бірауыздан қуаттады.

Соңында барлық белсенді қатысушыларға және конференцияны ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне М. Ә. Айтхожин атындағы МББИ атынан бас директор К.О. Шарипов алғыс хаттар табыс етті.

Соңында барлық белсенді қатысушылар мен конференцияны ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне институттың бас директоры – Шарипов К.О. атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Skip to content