Институт басшысының блогы Институт қызметінің барлық салаларында бар мәселелерді және қазіргі заманғы технологиялық даму, жаңа құзыреттіліктер мен инновацияларды игеру саласындағы сын-қатерлерді конструктивті шешу үшін тиімді құрал болып табылады.
Құрметті әріптестер мен сайт қонақтары, қымбатты достар!
М. А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты – бай дәстүрлермен, ғылыми және инновациялық жұмыстың көпжылдық тәжірибесімен танылған ғылыми-зерттеу институты.
Институттың негізін қалаушы және бірінші директоры талантты ғалым және ғылымды ұйымдастырушы, ҚазССР Ғылым Академиясының Президенті Мұрат Әбенұлы Айтхожин болды. Жасушаішілік бөлшектердің жаңа класын – информосоманы ашқаны үшін 1976 жылы М.А. Айтхожин Ленин сыйлығына ие болды. 1988 жылдан 2019 жылға дейін институтты көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі Нағима Әбенқызы Айтхожина басқарды. 1991 жылдан бастап Институттың дамуына елеулі үлес қосқандар: М.К. Гильманов, Р.А. Кунаева, Б.К. Искаков, Н.Н. Беляев, Т.С. Балмуханов. Осы кезеңде Институт молекулалық биология және генетика, молекулалық медицина және иммунология, биохимия және биотехнология бойынша Қазақстандағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қалыптасты.
Жүйелік биология мен биомедицинадағы соңғы онжылдықтардың прогресі, оның бұрынғы тарихындағы жеткен жетістіктерінен де асып түсетіні анық. Алдыңғы қатарлы елдерде ғылым мен технологиялардың озық даму фактісі, әсіресе молекулалық биология, биоинженерия және геномика салаларындағы прогрестері қазақстандық ғалымдардың ғылыми құзыреттілігін жетілдіру, жаңа білім мен технологияларды игеру қажеттілігін талап етеді. Геномиканы, протеомиканы, метоболомиканы және басқа да омикс технологияларын дамыту, сондай-ақ олардың нәтижелерін практика мен қызметтерге енгізу Қазақстанның мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының басымдықтарының бірі болып табылады.
Қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, бүгінгі күні М. А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты қазіргі заманғы ғылыми-технологиялық, инновациялық дамытудағы сын-қатерлермен және ғылыми өнімді коммерцияландырудағы өзекті мәселелерінің алдында тұр.
Осы сын-қатерлердің сыншылдығын сезіне отырып, біздің жауап ретінде келесі басым қадамдарымыз мынадай болып табылады:
– ғылыми ойлауды жаңғырту (модернизациялау);
– жаңа идеяларды, білімді генерациялау және оларды авторизациялау;
– бәсекеге қабілетті ғылыми өнім өндіру, оны коммерцияландыру;
– синтетикалық биология және биотехнология саласындағы зерттеулерді іске асыру;
– дербес медицина саласында жобаларды әзірлеу және жаңа құзыреттілікті игеру;
– дуалды білім беруді дамыту.
Сонымен қатар, Институттың маңызды міндеті қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жоғары білікті мамандарды тарту, жас ғалымдар буынын қалыптастыру және әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру үшін елдің ғылыми әлеуетін нығайту болып табылады.
Құрметпен, М. А. Айтхожин атындағы ИМББ бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Шарипов К. О.