Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті әріптестер, достар!

Сіздерді тамаша мереке – Қазақстан халқының бірлігі күні, көктемнің, бейбітшілік пен келісімнің мерекесімен құттықтаймыз!

1 мамыр – ортақ Отанымыздың дамуы мен гүлденуінің басты факторларының бірі ретінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың маңыздылығын еске салады. Бұл мерекенің негізі – 120-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын көпұлтты еліміздің барлық этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне құрмет. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ біз бірге үлкен бір отбасымыз.

Көпұлтты ғалымдар ұжымы М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты қазақстандық және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосып, молекулалық биология және биохимия, иммунология және иммунобиотехнология, биомедицина, гендік және жасушалық инженерия салаларында ғылыми жобалар мен бағдарламаларды сәтті жүзеге асыруда.

Баршаңызға денсаулық, амандық және ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін табыс тілейміз!

 

Ізгі тілектермен,

М.Ә. Айтхожин МББИ бас директоры,

профессор Шәріпов К.О.

Skip to content