Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!

Жыл сайын 30 тамызда Қазақстан басты мемлекеттік мереке – Конституция күнін тойлайды!

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда ұлттық референдум арқылы қабылданды (кейінгі өзгерістер мен толықтырулармен). Негізгі Заң — қоғамымыздың тұрақтылығының кепілі. Оның ережелері ішкі процестердің тұрақтылығын сақтауға және халықаралық аренада табысты дамуға мүмкіндік береді. Заңдар мен мемлекеттік органдардың басқа да актілері сияқты барлық тиісті құжаттар Конституцияның негізінде және сәйкес шығарылады.

Конституцияға сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Бүгінде елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында әрқайсымыз дамуға, жоспар құруға, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік алдық.

Қазақстанның барлық азаматтарына бейбітшілік, бірлік, бақыт, береке, табыс тілейміз!

 

Құрметпен,

М.Ә. Айтхожин атындағы МББИ бас директоры, профессор Қ.О. Шәріпов

Skip to content