Конференция

 Мұрат Әбенұлы Айтхожинның туғанына 80 жыл толуына байланысты

 «МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ, БИОТЕХНОЛОГИЯ, БИОХИМИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР» атты 28-29 қараша 2019 жыл.

Жас ғалымдардың  халықаралық ғылыми конференциясы

Конференцияның мақсаты молекулалық және жасушалық биология, синтетикалық биология, биохимия, дербестендірілген медицина, биотехнология, иммунология саласындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Конференция қорытындысы бойынша тезистер жинағы шығарылады.

Үздік тезистер ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда мақалалар түрінде жарияланады. Ол үшін іріктелген тезис авторлары рәсімделген мақалаларын Ұйымдастыру комитетіне журнал талаптарына сәйкестестендіріп  жіберулері қажет.

 КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Молекулалық биология
  2. Биохимия
  3. Иммунология
  4. Дербестендірілген медицина

5.Синтетикалық биология (Биотехнология, гендік инженерия, тірі жасушаларды бағдарламалау)

 НЕГІЗГІ КҮНДЕР:

Қатысуға өтінімдерді, тезистер мен баяндамаларды қабылдау – 2019 жылғы 31 қазанға дейін.

 КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ ТІЛДЕРІ

Қазақ, орыс, ағылшын

 ҚАТЫСУ ТҮРЛЕРІ

Баяндамалар*, постерлік сессия, тезисті жариялау, тыңдаушы.

*Сессияның пленарлық баяндамалары мен докладтарын Ұйымдастыру комитеті анықтайды.

СӨЗ СӨЙЛЕУ ҰЗАҚТЫҒЫ:

Пленарлық баяндама: 20 минут;

Доклад – 10 минут.

 ӨТКІЗУ ОРНЫ:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК, Досмұхамедов      к-сі, 86 үй,  Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

АВТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА:

Тезисті, қатысуға өтінімді және ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы құжаттың көшірмесін мына электрондық мекен-жайға imbb-acad.kz@mail.ru жіберу керек, КОНФЕРЕНЦИЯ деген хат тақырыбын және бағыт нөмірін көрсету қажет (мысалы,»КОНФЕРЕНЦИЯ 5″ – «Синтетикалық биология» бағытындағы тезисті білдіреді).

Тезистер авторлардың өз редакциясында еш қосымша түзетулерсіз жарияланады. Авторлар өз тезистерінің мазмұнына жауапты.

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті сапасы төмен және нашар редакциядағы тезистерді бағдарламаға және конференция материалдарының жинағына енгізуден бас тартуға құқылы.

Қабылданған материалдар қайтарылмайды.

ТІРКЕУ:

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 10000 (он мың) тенге, (оған еңбектер жинағы, конференцияның материалдар пакеті, қатысушы сертификаты, бейдж, кофе-брейк кіреді). Сырттай қатысу тегін, жинақтар жіберілмейді.

Толық аты-жөні

 

Туған күні, айы, жылы

 

Ел, қала

 

Ұйым атауы

 

Лауазымы, ғылыми дәрежесі

 (егер студент, магистрант немесе докторант болса, кай курс, қандай мамандықта оқитыны туралы мәлімет)

 

Тезис/ баяндама атауы

 

 

Тезистің ғылыми бағытының нөмірі

(конференция бағытын қараңыз)

 

Ұялы телефон нөмірі

 

Электрондық пошта адресі

 

Конференцияға қатысу: толық қатысу, сырттай қатысу

 

Қатысу түрі :  тезис баяндамасы, тезис жариялаусыз баяндама,  постерлік сессия,

тезисті жариялау, тыңдаушы.

 

 ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫН ТӨЛЕУ  ТӨМЕНДЕГІ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚР БҒМ ҒК «М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ  РМК

Индекс 050012, мекен-жайы: Алматы қ., Досмұхамедов көшесі, 86 үй

ИИК: KZ37 8560 0000 0001 3198

Банк: АО «БанкЦентрКредит», Алматы қ.

БИК: KCJBKZKX

КБЕ: 16

ТЕЗИСТІ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Тезистер Word форматында жіберілуі тиіс (.doc немесе .docx); интервал – бір; гарнитура – Times New Roman, кегль 12. Бетті барлық жағынан белгілеу — 2 см. Жұмыстың атауын жартылай қалың шрифтпен белгілеп, авторлардың тізімін және  авторлар туралы мәліметтерді (жұмыс орны, мекен-жайы, e-mail) жазу керек. Негізгі автордың аты-жөнінің  асты сызылуы қажет.

Мәтін өлшемі бос орынсыз 2500 таңбадан аспауы тиіс. Мәтінді ені бойынша туралап, абзацтарын  азат  жолдан жазу керек (шегініс 1 см).

Тезисте кіріспе, әдістер, нәтижелер, жұмыс қорытындылары қысқа баяндалуға тиіс.

Тезисті конференцияның үш ресми тілдерінің бірінде ғана ұсынасыз және онда суреттер, кестелер, әдебиеттер тізімі болмауы қажет.

Электрондық пошта арқылы жібергенде,  файлдың атауын төменде келтірілген формаға сәйкестендіруіңізді сұраймыз: Abstract_Eldar_Akhmetov, оның ішінде, бірінші автордың аты-жөні латын әріптерімен жазылуы тиіс.

Тезисті рәсімдеу үлгісі:

ТЕЗИСТІҢ АТАУЫ

[1 бос жол]

С. А. Иванов1, А. П. Петров

[1 бос жол]

1-ҚР БҒМ ҒК М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты,

Қазақстан республикасы, 050012, Алматы қ., Досмұхамедов көш., 86

e-mail: imbb-acad.kz@mail.ru

[1 бос жол]

Түйін сөздер:

Тезис Текст тезиса Текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса текст тезиса

ПОСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Постер өлшемі: максималды ені 1 метр, максималды биіктігі 1,5 метр.

Формат: портреттік.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

Шарипов Камалидин Орынбайұлы, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының Бас директоры

Нигматова Виктория Геннадьевна, М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының Ғылыми хатшысы

Исмагулова Гульнара Акимжановна, Геном зертханасының меңгерушісі

Хакимжанов Айдар Атымтайұлы, Астық тұқымдастар биохимиясы зертханасының меңгерушісі

Малахова Наталья Петровна, Өсімдіктер биоинженериясы зертханасының меңгерушісі

Аширбеков Елдар Ерланұлы, Құрылымдық және функционалдық геномика зертханасы меңгерушісінің  міндетін атқарушы

Крылдаков Руслан Владимирович, Ақуыз және нуклеиндік қышқылдар зертханасының аға ғылыми қызметкері

Абайлдаев Әсет Оразалыұлы, Жас ғалымдар кеңесінің Төрағасы

Перфильева Юлия Викторовна, Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері

Остапчук Екатерина Олеговна, Молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының аға ғылыми қызметкері

ХАТШЫЛЫҚ: Шомшиева Жансая Нұрболатқызы

тел:  +7 (727) 292 18 52;   моб. +7 (747) 372 17 84,       email: imbb-acad.kz@mail.ru

Skip to content